Блог статистикасы
195
Жазбалар
5023
Өтініштер
203250
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Географиялық және физикалық сипаттама



Қамысты ауданы – Қостанай облысындағы әкімшілік бөлініс (1951 жылдан). Жер аумағы 12 мың км². Тұрғыны 16,2 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,3 адамнан келеді (2008).
Қамысты ауданы облыстың батыс жағында Торғай үстіртінің солтүстік-батыс жағын алып жатыр. Жер беті негізінен белесті жазық дала. Шығысын көптеген көл қазаншұңқырлары және жырауылысайлар, өзен аңғарлары, батыс жағын Тобыл өзеннің еңістеу өңірі қамтиды.
Аудан аумағының оңтүстік бөлігін оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Сыпсыңағаш қолаты қиып өтеді. Жайылма ауылынан шығысқа қарай Қоңыртау тауы орналасқан. Жер беті жоғарғы олигоценнің, неогеннің және төрттік кезеңнің шөгінділерінен түзілген. Кен байлықтарынан боксит кентасы мен отқа төзімді саз бар.
Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы біршама ыстық. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 200 – 250 мм. Желді және боранды күндер (қыста) жиі байқалады. Жел көбінесе оңтүстік-батыстан соғады. Қамысты ауданы көлге бай, олардың көпшілігі Сыпсыңағаш қолатында орналасқан және жартысына жуығы тұщы көлдер. Қулыкөл, Талдыкөл, Ақбай, Тұмарлықопа, Жолшара, Шөптікөл, Мамыркөл, Жаркөл, т.б. көлдерінде балық кәсіпшілігі дамыған.
Табиғаты әсем Үлкен Кіндікті көлінің бойында жабайы шошқа мекендейді. Орқаш көлінде ас тұзы өндіріледі. Теңіз бен Шұңқырқопа көлдері Тауынсор қорықшасының құрамына енеді. Аудан аумағының батыс жағымен (66 км-ге жуық) Тобыл өзен ағып өтеді. Ауданның топырағы карбонатты қоңыр, қызғылт қоңыр, кей жерінде тастақты келген. Оларда селеу, бетеге аралас жусан басым, қазаншұңқырлар мен бидайықтарда шалғынды өсімдіктер өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, күзен, суыр, сарышұнақ, су құстары (қаз, үйрек, тырна), байғыз, бүркіт, шіл, бөдене, дуадақ, бозторғай, т.б. тіршілік етеді.
Тобыл өзенінде алабұға, шортан, оңғақ, көкшұбар, т.б. балықтар бар. Шаруашылығы астық өндіру мен мал өсіруге маманданған. Аудан бойынша ауыл шаруашылық жерінің жалпы аумағы 1 млн. 196 мың га, оның ішінде жыртылған жері 414,6 мың га, шабындығы 9,1 мың га, жайылым 711,1 мың га (2008).


хат жіберу