Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198177
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Латын қарпіне көшу - заман талабы»

2019 жылдың 1 қараша күні Қамысты ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ «Латын қарпіне көшу -заман талабы» атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты:Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты.

Дөңгелек үстелге Нұр Отан партиясының төрағасының бірінші орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, ауданымыздың жастары қатысты. Дөңгелек үстелдің барысында баяндамалар тыңдалып, тренингтер өткізіліп, қатысушылар ойларын білдіріп өзара пікір алмасты. Ұйымдастырылған іс-шара өз мақсатына жетті.

хат жіберу