Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
197999
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қоғам және дін

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2016 жылғы «09» қараша № 685
 қаулысымен бекітілген

 Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары

 

1. Жалпы ережелер
 1. Осы Терроризм актісінболғызбауға немесежолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және терроризм актісінболғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібін айқындайды.
 2. Сыйақы төлеу осы мақсатқа терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі –уәкілетті орган) тиісті қаржы жылынакөзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
 2. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібі
 3. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға уәкілетті орган сыйақы төлейді. Сыйақы бір рет төленедіжәне мынадайтәртіппен белгіленеді: 1) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚК) 255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 750 (жеті жүз елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); 2) ҚК 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісітуралы қылмыстық істер бойынша– 1000 (бір мың) АЕК. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адам сыйақыдан бас тартқан жағдайда,уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі –аумақтық орган) тиісті өтініш береді.
4. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы беру, егер айыпты адамға қатысты: 1)2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 521-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген; 2) ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққан жағдайда төленеді.
5. Аумақтық орган терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы алу құқығы туындағаны туралы үш жұмыс күні ішіндехабарлайды. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпараттыхабарлаған адам тұрғылықты жері бойынша аумақтық органға осы Қағидалардың 6-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
6. Аумақтық орган осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес сыйақы алу құқығы туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды қалыптастырады және уәкілетті органныңтөрағасы айқындаған уәкілетті органныңқұрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі –уәкілетті бөлімше) жібереді: 1) аумақтық органның қолдаухаты; 2) хабарлама талоны түбіртегінің көшірмесі; 3) заңды күшіне енген айыптау үкімі немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысының көшірмесі не ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі; 4) терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамның жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі; 5) терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамның ағымдағы банктікшоты көрсетілгенекінші деңгейдегі банк анықтамасының түпнұсқасы. Адамның ағымдағы банктік шоты болмаған жағдайда, өзі кез келген екінші деңгейдегі банкте ағымдағы банктік шотын ашады.
7. Уәкілетті бөлімше барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеу туралы уәкілетті органбұйрығыныңжобасындайындайды. Тексеру процесінде құжаттарды ресімдеудекемшіліктер мендәлсіздіктер анықталған кезде уәкілетті бөлімше осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қателіктерді жою және онымен бір мезгілде терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеуді кешіктіру себептері мен мерзімдері туралы хабарлау үшін аумақтық органға қайтарады. Аумақтық орган кемшіліктер мен дәлсіздіктер жойылғаннан кейін он күн ішінде осы Қағидалардың6-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті бөлімшеге қайта жолдайды.
8. Уәкілетті органныңсыйақы төлеу туралы бұйрығы шығарылғаннан кейін аумақтық органсыйақы төлеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпараттыхабарлаған адамғақазынашылықтың аумақтық бөлімшелері арқылы оның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы банктікшотына сыйақыны төлеуді жүзеге асырады.
9. Аумақтық орган терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпараттыхабарлаған адамға заңнамадабелгіленген тәртіппеноның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы банктікшотына ақшалай қаражаттың аударылғанытуралы үш күн ішінде мәлімдейді. 

 (Қысқаша мәтін) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9- бабына сәйкес дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға ҚР ҰҚК сыйақы төлейді. Бұл ретте ҚР Үкіметінің ағымдағы жылғы 9 қарашадағы №685 қаулысымен терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары бекітілген. Сыйақы айыпты адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабымен терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, 750 ден бастап 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2016 жылға арналған бір АЕК 2121 теңге) бір рет төленеді. ҚР ҰҚК аумақтық органы терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы алу құқығы туындағаны туралы 3 күн ішінде хабарлайды. Сыйақы төлеу тиісті ақшалай қаражатты хабарлаған адамның банк шотына аудару жолымен тиісті қаулы шыққаннан кейін 60 күн ішінде жүргізіледі. Бұл ретте аталған ақпаратты берген адам 3 күн ішінде оның шотына ақшалай қаражат аударылғаны туралы хабардар етілуге тиіс. Берілген терроризм қаупі белгілері бар ақпарат расталмаған жағдайда, дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабардан (ҚР ҚК 273-бабы) басқа, хабарлаған адамның жауапкершілікке тартылмайтындығын атап өткен жөн. Сыйақы белгілеудің және төлеудің неғұрлым толық тетігі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №685 қаулысымен бекітілген қағидаларында жазылған.

«110» шұғыл желісі 

Қазақстан Республикасының аумағында террористік қауіпі туралы мәліметтерді қабылдау үшін «110» бірыңғай номері енгізілді. Қазақстанның кез-келген аумағынан «110» номеріне шалынған қоңырау тиісті ҰҚК Департаментінің кезекшілік қызметіне түседі. «110» бірыңғай номері терроризм актілерін ұйымдастуры, қаржыландыру, дайындау, жоспарлау, дәстүрсіз діни ағымдарының радикалды тұлғаларының оқыту, азғырып тарту, қаруландыру фактілері, терроризм мен діни экстремизм идеологиясын насихаттау мен тарату бойынша жедел мәліметтерді жеткізу үшін қолданылады.


Егер Сіз интернет ресурстардан терроризм мен экстремизмді жариялаудың кәугері болсаңыз

Экстремизм- сұмдық құбылыс, экстремизм- адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Бүгінгі күні экстремизм ұлт қауіпсіздігіне төнген қатерлі қауіп. Экстремизмнің туындауы сан қырлы. Экстремизмнің бірден- бір таралу көзі интернет- экстремизм

Селсоқ қарамаңыз!

Кездейсоқ интернет ресурс желілерінде мазмұны экстремистік сипаттағы ақпаратты байқаған болсаңыз: - Өзге ұлттың бір нәсілінің басымдылығын мадақтауда жарияланған бейнеролиткер , әндер, тақпақтар, әдеби шығармалар және басқада жариялым, қандай да бір этникалық, әлеуметтік, нәсілдік ұлттық немесе діни топты жартылай немесе толық жоюға бағытталған әскери немес басқада қылмыстық жасалуы ақталған
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ:
1. Print Screen арқылы күні мен уақытын интернет мекен жайының сайтын мен экрандағы бейнесін анықтау қажет. 2. Анықталған ақпарат бойынша Алтынсарин ауданы ішкі істер бөліміне (телефон (871445)21-2-66, 102),Алтынсарин ауданының прокуратурасына (телефон (87145) 34-3-00), Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (телефон (871445) 34-2-41) ақпаратты растау үшін немесе анонимді аты жөнін және байланыс телефондарын көрсетіп хабарлау қажет.

Теріс ағым қызметінен жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы «Көмек қолы»

2012 жылдың басында, жалған діни ұйымдардан жапа шектім деп санайтын адамдарды қолдауға арналған топ ұйымдастырылды. Әр жексенбі сайын сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін бұрынғы табынушылар мен олардың отбасы мүшелеріне арналған қолдау топтарымен ұйымдастырылған кездесулер өткізіледі. Бұрынғы ізбасарларды қайта әлеуметтендіру бойынша тренингтік бағдарламалар әзірленді. Психологтардың көмегімен топ қатысушылары тәуелсіз өмірге оралады, өз бетімен шешім қабылдауды және сол шешімдер үшін жауапты болуды үйренеді, жоғалтқан әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіреді, жақын адамдарымен қарым-қатынасын жақсартады, яғни қоғамға біртіндеп интеграциялау процессі жүреді. Көптеген адамдарды сектаға алдымен әлеуметтік мәселелер итермелейтіні жасырын емес, сондықтан діни табынушылық ұйымдардан шығу кепілі осы мәселелерді шешуге көмектеседі. Орталық мүмкіндігінше Қызыл Жарты ай ұйымының көмегімен, сондай-ақ қайырымды жандардың көмегімен қыс мезгілінде киім және азық-түлік қорымен қамтамасыз етеміз, сонымен қатар тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін қажетті құжаттарды жасауға көмектесіп, зейнетақыны рәсімдеу барысында құқықтық қолдауды ұйымдастырамыз. Көптеген адамдар үшін көмек орталығы, қиын жағдайларда қолдау көрсететін, әлеуметтік дағдылану, өзін-өзі қамтамасыз ету орнына айналды. Бұл шаралар дағдарыс жағдайында, отбасыға бағытталған көмек, шын мәнінде әлеуметтік шиеленістің төмендеуіне әсер етеді, халықтың осал жерлерін қорғау үшін мемлекеттің күшейуіне халықтың келісімі мен қолдауы әсер етеді. 2010 жылдан бастап www.stop-sekta.kz ақпараттық сайты қызмет атқарады. Бұл жерде сайт қолданушылары тегін ақпараттық-әдістемелік мағұлматтар: буклеттер, жинақтар, мақалалар, кітаптар, видеомағұлматтар, сондай-ақ заңгер, психолог кеңесіне жүгіне алады. Сайт қолдауы мақсатты топтың сандық және аумақтық қамтылуына айтарлықтай кеңейуіне мүмкіндік берді. Сайттағы байланыс арқылы кеңес беру тек Қостанай облысы тұрғындарына ғана емес, сондай-ақ Орал, Қарағанды, Астана, Алматы, Москва, Мюнхен, Киев және т.б қала тұрғындарына көмектесті

Терроризмге қарсы бағыттағы бейнероликтер

Роль религии в воспитании патриотизма 

Традиции и обычаи казахского народа сквозь призму религиозных верований

СВОБОДА И ВЕРОИСПОВЕДАНИЯ В КАЗАХСТАНЕ»

Укрепление межэтнического и межконфессионального согласия и толерантности – фактор стабильности и процветания казахстанского общества

«ИСЛАМ И ЖЕНЩИНА: ДУХОВНЫЕ ЦЕННОСТИ И СОВРЕМЕННЫЕ ВЫЗОВЫ»

Организация «ат-Такфир уаль-Хиджра» признана экстремистской и запрещена в Казахстане
хат жіберу